18 жасқа толған азамат шотыңдағы қаражатты пайдалан. Ата-аналар үшін жағымды жаңалық. 2026 жылы БЖЗҚ шоттарына Ұлттық қордан әр қаыушыға 130, 71 АҚШ доллары есептелген. Ал, үш жыл ішінде жиналған сома 370,56 долларды құрайды.
Қазақстанда 2024 жылдан бастап "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында жыл сайын балалардың арнайы шотына ақша аударылып тұрады. 18 жасқа толмаған, яғни 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан азаматы саналатын әрбір бала "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысады. Ақшаны 18 жасқа толғаннан кейін ғана ала алады. Шетелге көшіп, Қазақстан азаматтығынан бас тартқан балаға Ұлттық қордан ақша төленбейді. Шетелде өмір сүргенімен Қазақстан азаматтығын өзгертпесе, оның шотына кәмелет жасқа толғанға дейін қаражат аударыла береді. Қаражатты қолдану мен өтнім беру жолдарын мамандар бүгін ЖОО-ның студенттермен кездесу барысында түсіндірді.