Шаһарда тағы бір «Жас сақшы» полицей сыныбы ашылды. Бұл жолы Жалпақтөбе алқабындағы В. Чкалов атындағы орта мектебінің қабырғасында 26 оқушы салтанатты түрде ант беріп, оларға арнайы куәліктер табысталды. Оқушылар мұнда тек теориялық біліммен шектелмей, құқықтық сауаттылықты меңгеріп, тәртіп пен заңға құрметпен қарауды, ел мен жер алдындағы жауапкершілікті терең сезінуді үйренеді.

Бұл – жай ғана сынып емес, бұл – болашақ тәртіп сақшыларының алғашқы қадамы жасалатын, адалдық пен батылдыққа баулитын тәрбиенің ордасы. Салтанатты рәсімде барлық құқық қорғау қызметкерлері мен оқушылар сап түзеді. «Жас сақшы» сыныбына мектептен 26 оқушы салтанатты түрде ант қабылдап, арнайы куәліктер табыс етілді.