Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Ясутоши Нишимураны қабылдады. Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері мен парламентаралық байланыстар жайы талқыланды. Президент Жапонияны Азиядағы маңызды серіктес деп атап, сауда-инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға назар аударды. Сондай-ақ келесі жылы Астанада өтетін «Орталық Азия – Жапония» саммитіне дайындық барысы сөз болды. Ясутоши Нишимура Жапония Парламенті Қазақстанмен көпжоспарлы ықпалдастық аясын кеңейтуге дайын екенін растады. Кездесу соңында екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Ясутоши Нишимура І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.