Таразда жастар саясатына тың серпін беретін маңызды кездесу өтті. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков белсенді жастармен және волонтерлармен жүздесіп, олардың бастамалары мен ұсыныстарын тыңдады. Кездесу аясында үздік еріктілер марапатталып, ең белсенді жастарға білім гранттары табысталды.

Іс-шара барысында жастар ұйымдарының көрмесі ұсынылып, олардың жетістіктері мен атқарған жұмыстары таныстырылды. Қала әкімі жастар – елдің болашағы екенін атап өтіп, олардың белсенділігі мен бастамаларына жоғары баға берді. Сондай-ақ, алдағы уақытта қала аумағында жастар игілігі үшін жүргізіліп жатқан құрылыс жоспарларымен бөлісті.