Бүгін Таразда сұлулық пен сырбаздықтың, өнер мен ұлттық құндылықтардың тоғысқан ерекше кеш өтті. «Баласағұн» мәдениет сарайында «Әулиеата аруы – 2026» облыстық байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға 15 жастан асқан қыздар қатысты. Олар – облыстың әр ауданынан, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарынан келген үміткерлер. Әрбір қатысушы сахнаға тек жеңіс үшін емес, өз болмысын, тәрбиесін және шығармашылық қабілетін таныту үшін шықты.