Өткен жылы аймақтың асыраушы саласында 514,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде өсімдік шаруашылығының өнім көлемі 2,2, ал мал шаруашылығы 1,9 пайызға артты. Өнеркәсіп саласында 1,3 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, облыс республика өңірлері арасында төртінші орыннан көрінді. өңдеу өнеркәсібінде 834,6 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нәтижесінде облыс үздік бестікке енді. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші биыл да қарқынын жоғалтпауы қажет. Бұл бағыттағы жоспарлы жұмыстар биыл да өз жалғасын табады.

Былтыр облыста экономикалық өсімі 8,9 процентті құрады. Негізгі көрсеткіштерге тоқталсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 15,6, құрылыс саласы 14,4 пайызға, байланыс 10,1, көлік 3,1 пайызға, ал сауда 0,5 пайызға артқан. Өңір экономикасына 764,5 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 38,8 пайызға өсті. Осы нәтижемен облыс республика көлемінде үшінші орыннан көрінді. Құрылыс саласында 392,8 млрд теңгенің жұмыстары атқарылды.