8 Наурыз мерекесі қарсаңында әдетте әйелдердің нәзіктігі, әсемдігі мен гүлдер туралы айтылады. Алайда күнделікті қызметі темірдей төзімділікті, қатаң тәртіп пен батылдықты талап ететін қыз-келіншектер де бар. Әңгіме -әскери қызметтегі әйелдер туралы. Дәйекке дәлел айтсақ, елімізде 12 мыңнан аса нәзік жанды сапта жүріп, отан қорғауға өзіндік үлес қосуда.

Әскери саланы таңдап, сапта жүрген қыз-келіншектер аймақта аз емес. Олар әскерге жүрек қалауымен келіп, қару меңгеріп, нысананы дәл көздеп, көп тонналы әскери техниканы да сенімді басқарады. Бүгінде арулар кәсіби шеберлігімен ер азаматтардан кем түспей, отан қорғау ісіне өз үлестерін қосып жүр.