Таразда Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Салтанатты кешке қала басшылары, зиялым қауым өкілдері, түрлі салада еңбек етіп жүрген ардақты аналар мен қыз-келіншектер қатысты.

Тараздық арулар мен аналарға арналған ерекше мерекелік концерттік бағдарлама дайындалды. Қаланың үздік шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары сахна төрінде ән шырқап,әсем әуен мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Кеш барысында танымал әндер шырқалып, би өнері де көрерменге ұсынылды.