Әйелдер қауымына құрмет! Бүгін «Анаға тағзым» орталығында 8 – наурыз халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік кездесу өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, тірлігі келісті, бизнесі жемісті, өмірі өрісті аналарға құрметін көрсетті.
Өңір басшысымен кездесуге келген ханымдар нардың жүгін болмаса да, ердің жүгін азаматтармен бірдей көтеріп жүр. Салтанатты жиында жылы сөзін ақ жаулықтыларға арнаған Ербол Қарашөкеев әйелдердің қоғамдағы ролі жайында сөз қозғады.