Мойынқұмда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ардақты аналар мен әжелерге құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Ермек Карентаев пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағынғали Аманов көпбалалы аналардың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Алдымен аудан әкімі «Алтын алқа» иегері Алмакүл Шуылдақованың үйіне барып, ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ Биқұт Көшкімбаева әжені де құттықтап, сый-сияпат жасады. Бұдан кейін Бірлік ауылына арнайы барып, еңбек ардагері Алтынкүл Сеймолдаеваға жылы лебізін жеткізді. Кездесу барысында аудан әкімі бірқатар аналарға «Мойынқұм ауданына 60 жыл» мерекелік медалін табыстады. Ардақты әжелер көрсетілген құрметке алғыс айтып, ақ баталарын берді.