Биыл қазақтың ұлы жырауы - Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл. Осыған орай елімізде түрлі іс-шаралар өтуде. Мәселен Шу ауданында ақынның әдеби мұрасын оқу үдерісінде жасанды интеллект арқылы үйлестіру негізінде халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
Жиынға жазушы, профессор Нұрдәулет Ақыш, Жамбыл атындағы Филологиялық зерттеулер ғылыми орталығының директоры Алмасбек Мауленов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия ғылымдарының докторы Гүлмәрия Оспанова мен Шу ауданының педагогтері қатысты. Конференция барысында Жамбыл Жабаевтың әдеби мұрасы білім беру жүйесіне цифрлық форматта енгізу мәселелері жан-жақты талқыланды.