8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар легі жалғасуда. Бүгін Ш.Уалиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Аналар ғой тіршіліктің баяны» атты әдеби сазды баллада кеші өтті.
Іс-шара барысында ананың мейрімі мен олардың қоғамдағы рөлі және ұлттық құндылықтартуралы тағылымды әнгімелер айтып, ән-жырлар орындалды. Басқосуға түрлі салада еңбек етіп жүрген ардақты аналар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.