Жамбылда ерекше кәсіпті меңгеріп, үлкен жетістікке жеткен қыз-келіншектер жетерлік. Соның бірі- Гүлмира Уатаева. Ол эпоксидті смоланы Еуропалық тәсіл арқылы игеріп, түрлі сәндік бұйымдарды дайындайды. Шебер келіншектің еңбектері түрлі байқауларда топ жарып, жоғары бағалануда.

Жас келіншек пандемия өршіп тұрған жылдары үйде бекер отырмаудың амалын іздеп заманауи резин-арт кәсібін меңгереді. Алғашында көптеген қиындықтарды өткерген ол табанды еңбектің нәтижесінде эпоксидті смоламен түрлі бұйымдар жасап, қазір үлкен табысқа жетуде.