8-наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар аудандарда да жалғасты. Салтантты жиын өтіп, әйелдер қауымы құрметке бөленіп, ардақталды. Осылайша көктем мерекесі кең көлемде аталып өтті.

Төле би ауылында өткен мерекелік жиында ақ жаулықты аналарға гүл шоқтары тарту етілді. Аудан басшысы өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып, аянбай еңбек еткен қыз-келіншектерге «Шу ауданына еңбегі сіңген» төсбелгісі мен «Құрмет» грамотасы және «Алғыс» хаттарын табыстады. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.