Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Халықаралық әйелдер күніне орай қыз-келіншектер қауымымен кездесті. «Әйел-әлемнің шуағы» тақырыбында өткен шараға өңіріміздің гүлденуі мен дамуына аянбай ат салысып, тер төгіп жүрген ардагер аналар, қоғам белсенділері мен іскер әйелдер қатысты.

Бүгінде әйелдерге жан-жақты жағдай жасау, көпбалалы аналарды қолдау және отбасы институтын нығайту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Мерекелік жиында қала әкімі нәзік жандылардың қоғамдағы рөлін атап өтіп, көктем мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.