Қолөнер – ұлттың асыл мұрасы. Алайда бүгінде бұл саланың кейбір бағыттары даму қарқынынан кенжелеп отыр. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында былтыр арнайы пилоттық жоба әзірленіп, шеберлер шетелде тәжірибе жинақтап қайтқан болатын. Бүгін олар өз қолдарынан шыққан туындыларын ұсынып, қол жеткізген жетістіктерін көпшілікке таныстырды.

Қолөнер саласының бірқатар бағыттарында даму қарқыны төмен. Осыған байланысты былтыр қарашада «Қолөнершілердің кәсіби біліктілігін арттыру» жобасы іске қосылған еді. Аталған бастама аясында шеберлер бір апта бойы Өзбекстанның Ташкент және Самарқанд қалаларында, сондай-ақ Қырғызстанның Бішкек қаласында шеберлік сабақтарынан өтіп, тәжірибе алмасты. Бүгін жоба қорытындысы көпшілікке ұсынылып, қатысушылар өз жетістіктері мен алған тәжірибелерін ортағы салды.