Таразда Халықаралық әйелдер күніне орай «Сұлулықтың сыры – әйелде!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Көктемнің шуақты мерекесіне арналған бұл шара нәзік жандардың қоғамдағы орны мен еңбегін дәріптеуге бағытталған. Әсемдік пен өнер үйлесім тапқан кеш барша келушілерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Кешке білім саласының басшылары мен қосшылары және ұстаздар қауымы жиналды. Сөз алғандар ұстаздардың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды рөлін атап өтіті. Ал, білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар педагогтар арнайы марапатталды.