Тараз орталық стадионында 15 наурызда өтетін референдум қарсаңында ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды. Танымал тұлғалар мен медиа өкілдері қатысқан футбол матчына 8 мыңнан астам көрермен жиналды.
Жасыл алаңға белгілі спортшылар мен медиа кеңістіктің танымал тұлғалары шықты. Қатысушылардың қатарында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов, сондай-ақ танымал медиа өкілдері Жансерік Қадырбаев, Арман Жаналиев Есентай Джасткинг және Темірлан Блушинов қатысып, жанкүйерлерге әсерлі ойын сыйлады. Сонымен қатар Тараз қаласының бірқатар танымал азаматтары да алаңға шығып, мерекелік атмосфераны қыздыра түсті.