Қазақстан Республикасының жаңартылған Негізгі Заңы – тәуелсіз, толық қалыптасқан және тұрақты дамып келе жатқан мемлекеттің басты құқықтық іргетасы. Конституция елдің саяси, құқықтық және қоғамдық жүйесінің негізін айқындап, мемлекет пен қоғам өмірінің маңызды салаларын реттейтін негізгі құжат ретінде ерекше орын алады. Сондықтан саяси жүйені жаңғырту, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және демократиялық дамуды нығайту жағдайында Негізгі Заңның мазмұны мен маңызы айрықша мәнге ие.

Қазіргі кезеңде Конституция тек заңдық құжат қана емес, сонымен қатар мемлекет дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды құндылықтар жүйесі болып табылады. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі ретінде құқықтық мемлекет құрудың басты бағдарын айқындайды. Осыған байланысты Ұлттық Құрылтайдың V-отырысында Мемлекет басшысы Конституцияның кіріспесінің жаңа редакциясына құқықтық мемлекет қалыптастыруға тікелей қатысты маңызды қағидаттарды енгізу қажеттігін атап өтті. Бұл бастама Негізгі Заңның мазмұнын тереңдетіп, оның құндылықтық негіздерін күшейтуге бағытталған, дейді қоғам мүшелері.