Ш. Уәлиханов атындағы облыстық кітапханада ,сазгер Сақыпжан Аймаханқызының шығармашылығына арналған «Сыршыл ақынның сыбызғы әуендері мен жырлары» атты әдеби-сазды кеш өтті. Рухани мазмұнға толы жиынның негізгі мақсаты – ақынның поэзиялық және сазгерлік мұрасын кеңінен таныстырып, ұлттық өнердің құндылығын дәріптеу болды.

Кеш барысында қаламгердің шығармашылық жолы мен әдебиеттегі орны сөз болып, оның еңбектері арқылы ұлттық мәдениетке қосқан үлесі атап өтілді. Іс-шараға әдебиет, ғылым және мәдениет саласының бірқатар өкілдері қатысып, қаламгердің шығармашылығы туралы пікірлерін білдірді. Кеш аясында ақынның «Көзмоншақ» атты жаңа жинағының тұсаукесері өтіп, оқырманға жол тартты.