Шаңырақтың шырағы, өмірдің гүлі, отбасының нұры саналатын нәзік жандылар қауымын бүгін аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында арнайы құттықтады. «Баласағұн» сарайында салтанатты жиын өтіп, сахна жұлдыздары аналарға арнап ән шырқап, жырдан шашу шашылды. Сондай-ақ, өңірдің өркендеуіне үлес қосып жүрген сан саладағы қыз-келіншектер марапатталып, құрметке бөленді.
Әуелден-ақ, әлемге әдемілік сыйлайтын, сұлулықтың символы саналатын әйелдер мерекесі Әулиеатада әдемі аталып өтті. Жүздері нұрға, құшақтары гүлге толған арулар әдеттегідей көңілге шуақ сыйлайтын керемет кештің куәсі болды. Барша ақ жаулықтыны облыс әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.