Көктемде күн күрт суытты. Алдағы күндері облыста ауа температурасы -17 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Табиғат тосын мінез танытқанда тас жолдағы қозғалыс та тосылып қалды. Ал, мамандар аязды ауа райы бірнеше күнге жалғасуы мүмкін дейді.
Бейсенбі мен жұма күндері ауа біртіндеп тұрақтала бастайды, бірақ күн жылуы тек жеңіл көтеріліспен байқалады — күндізгі температура +2…+6 градусқа дейін жетеді. Апта соңына қарай өңірдегі ауа райы біршама жыланады деп болжануда.Мамандардың мәліметінше - Сенбі мен жексенбі күндері күндізгі температура +9 градусқа барады. Бірақ түн салқын болады.