Мектепте жүріп- ақ әлемді аралауға болады. Оны аймақтағы дарынды оқушылар дәлелдеп отыр. Халықаралық және республикалық пән олимпиадаларында жүлде алып жүрген дарынды оқушылар білімнің арқасында шетелге жиі шығып, тәжірибе жинап жүр. Қызығы олардың әрқайсысы кем дегенде 10 реттен білім сайыстарына қатысып, жүлдегер атанған.
Білімділердің бірі жылдардан жаңылмай, кезеңдерді дөп айтатын Нұрқанат Қанат. Ол ҰБТ дан 139 ұпай жинап Қазақстан бойынша рекордттық көрсеткішті де көрсеткен. Нұқанат 2023 жылдың мамыр-маусым айларында Әзірбайжан мемлекетінің астанасы Баку қаласында "Түркі халықтарының Ортақ Дүниесі" халықаралық олимпиадасына қатысып, қола медальді қанжығыға байлаған жас тарихшы.