Республикалық референдум күні барлығы 10402 учаске жұмыс істейді. Дауыс беру процесін елімізден бөлек, 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы бақылайтын болады.
Жаһандағы тұрақсыздыққа байланысты 10 елдегі дауыс беру учаскесі уақытша жабылды. Тек 54 елде 71 учаске жұмыс істейді. Республикалық референдумда шетелдегі 14230 азамат таңдау жасайды. Қазіргі күні дауыс беру парақтарын жеткізу жұмыстары жүріп жатыр.