Ауылдық ағайындар өз кәсібін ашып, тірілігін тіктей түсу үшін үкіметтің көрсетіп жатқан көмегі көп. «Бастау бизнесі, «Қайтарымсыз грант» және ең бастысы 2019 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы әлі де жалғасын тауып жатыр.
Биылдан бастап, мал өсірумен айналысатын өндірістік кооперативтер үшін жағымды жаңалық та бар. Енді олар тек асылтұқымды ғана емес, жәй сауынды сиырлар ұстап, сүт өнімін өткерумен де айналыса алады.