Полиция тегін кеңес береді. Кез келген тұрғын тәртіп сақшыларына барып, өзіне қажетті сұрақтың жауабын алып, құқықтық көмек алуға мүмкіндік туып отыр. Ол үшін Әулие-Ата аудандық полиция бөлімінде профилактикалық кабинет ашылды.
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру үшін ашылған орталық құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік береді, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдағы заңға деген құрметті нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, түрлі профилактикалық кездесулер, кеңестер мен ақпараттық шаралар ұйымдастырылып, заң талаптарын түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде атқарылады. Мамандардың айтуынша, мұндай кабинет құқық бұзушылықтардың алдын алуды жаңа деңгейге көтереді. Енді тұрғындар құқықтық мәселелер бойынша кеңес алып, туындаған сұрақтарына тікелей мамандардан жауап ала алады.