«Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір». Бабын тапса- барын беретін қойдың өнімділігі мен өсімталдығы- шаруаның игілігі. Қазір облыста мал төлдету науқаны басталып кетті. Шу ауданында да төрт түліктің күйін баққан шаруалар сақманға кірісті.
Шу ауданы бойынша аналық қой саны – 227 707 бас болса, қазіргі таңда ауданда 8 000 бас қой төлдеді. Төлдету жұмыстары наурыз және сәуір айларында жүргізіледі. Ұсақ мал өсірумен айналысатын Жылқыбай» шаруа қожалығында да қазір шаруа қыза түскен.