Былтырғы жұмысшы мамандықтар жылы оң нәтиже көрсетті. Мысалы, кәсіптік оқу орындарында құрылысшы, дәнекерлеуші сияқты бағыттарға жастар тартылып, оларға қолдау көрсетілді. Қазіргі кезде сұранысқа ие мамандықтың бірі дәнекерлеуші. Олардың бір парасы бүгінде Таразда оқып білім алуда.

Дәнекерлеуші қазіргі кезде жоғары сұранысқа ие! Өйткені дәнекерлеу жұмыстары кез-келген өндірісте жүзеге асырылады. Сондықтан қай уақыттада құрылыс, жөндеу және өндіріс салаларында кәсіби мамандарға сұраныс жоғары. Мұндағы өндіріс шеберлері оқу барысында үнемі теория мен практиканы ұштастырады.