Елімізде 15 наурызда жаңа Конституция бойынша референдум өтеді. Саяси науқанның халыққа тиімді тұстарын түсіндіру үшін өңірлік коалиция мүшелері «Анаға тағзым» орталығының ұжымымен кездесті.
Референдум – елдің болашағына қатысты маңызды шешімдердің бірі. Жиында өңірлік коалиция мүшелері орталық қызметкерлеріне референдумның негізгі бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, алдағы саяси науқанның ерекшеліктері түсіндіріліп, азаматтардың өз таңдауын жасау құқығы жөнінде айтты. Жиынға қатысқандар түсіндіру тобына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.