12 наурыздан бастап Қазақстанда жаңа өзгерістер күшіне енеді. Енді кейбір әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұл бейнекамералар арқылы да салынатын болады. Осы орайда облыс аумағында 10–13 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Ол Мойынқұм ауданында да өз жалғасын тапты.
Мойынқұмдағы рейдтік іс-шарада жол қозғалысы қауіпсіздігінен бөлек, түнгі уақытта жасөспірімдердің заңды өкілінсіз жүруі және спирттік өнімдерді сату талаптарының сақталуы, сондай-ақ, қару иелерін тексеру және көші-қон заңнамасының орындалуы бақылауға алынған.