Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Ұлы дала абызы» поэзия марафоны мәреге жетті. 1 ай бойы жалғасқан рухани аламанда Жамбыл мұралары жан жақты насихатталды.
Бұл Тоқпанов театрының «Халық менің шын атым» атты сахналық қойылымы. Жалпы кешке ақын шығармашылығын қадір тұтқан өнерсүйер қауым, жастар мен әдебиет жанашырлары қатысты. Бір ай бойы өткен марафонға қатысушылар ақын өлеңдерін оқып, бейнероликтерін әлеуметтік желілерге жариялады. Байқауға 20-дан астам адам қатысып, олардың арасынан үздік шыққан 11 қатысушы марапаттау кезеңіне келді.