Жаңа Конституция – тек саяси реформа емес, жастардың болашағына арналған құқықтық кепілдік. Бұл туралы бүгін «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» тақырыбындағы сарапшылар платформасында айтылды. Білім алуға, еркін ой айтуға, өзін дамытуға мүмкіндік беретін қоғам қалыптастыру осы құжаттан басталады. Себебі жаңарған Ата заң жас буынның заң аясында қауіпсіз әрі жарқын өмір сүруіне жол ашады,-дейді мамандар. Жиында парламент депутаттары, саясаттанушылар, ғалымдар, журналистер мен қоғам қайраткерлері жаңа Конституция жобасын негізгі бағыттарын саралап, қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа қатынастардың мазмұны туралы пікір алмасты.