Енді, ережені ескермеген жүргізушілерге автоматты түрде айыппұл салады. Ертеңнен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер күшіне енеді.
Бұдан былай, «ақылды жүйе» жолдағы жүргізушілерді бақылап отырады. Көлік тізгінінде телефон пайдалансаңыз, қауіпсіздік белдігін тақпасаңыз, айыппұл автоматты түрде рәсімделеді. Бұрын мұның барлығын полиция қызметкерлері анықтап, хаттама толтыратын. Әкімшілік кодекстің 31-бабында жүргізушінің ереже бұзғанын цифрлық жүйе анықтаса тікелей айыппұл салу қарастырылған. Сондай-ақ, құжаттарға қатысты құқықбұзушылықтарды да жаңа жүйе бірден аңғарады.