Ұлттық құндылықтарды сүйіп, дәріптеу – балабақшадан басталады. Таразда балдырғандар қазақы салт-дәстүрді меңгеріп, музыкалық аспаптарды үйреніп, тұрмыстық құралдарды танып, танымын кеңейтіп жүр.

Тәрбие - тал бесіктен. Тараздағы «Балбұлақ» бөбекжайында балақайларға ұлттық ойын мен салт-дәстүрлерлер түрлі ойындар арқылы ұғындырылады. Ол үшін арнайы бөлмелер жасақталып, күнделікті тәлімге еңгізілген. Осылайша, қазақы құндылықтарды тәрбиешілер балалардың бойына сіңіруде.