Таразда мектеп оқушылары арасында «Қайрат» оқулары байқауы өтті. Аталған іс-шара Қайрат Рысқұлбековтың 60 жылдығы және Желтоқсан оқиғасының 40 жылдығына орай ұйымдастырылған. Көркемсөз өнеріне 8-10 сынып оқушыларынан 43 адам қатысып, бақ сынасты.

Қалалық сайысқа барлығы 65 білім ұясының оқушылары жиналды.Байқау екі аталым негізінде өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерінің Халық Қаһарманына арнаған туындыларын жатқа айтты.Ал екінші кезеңде «Желтоқсан құрбандарына» арнаған бір өлеңін мәнерлеп оқыды.