Таразда этнос өкілдері қазақ тілін ерекше тәсіл арқылы үйренуде. Тілді үйрету негізінде «Қазақша тіл үйренейік» және «Қазақша оңай» жобалары қолға алынған. Оларға мемлекеттік тілді үйрету бағытында түрлі ойындар, тренингтер тұрақты түрде ұйымдастырылады. Бүгінде тілдерді оқыту орталығында 1300 адам қазақ тілін оқып жатыр.

Тілдерді оқыту орталығы студенттер мен ересектерге 3 тілді тегін үйретеді. Негізгі бағыт – мемлекеттік тілді оқыту. Яғни, тілді меңгеремін деген этностар үшін А-1 деңгейінен бастап оқу міндетті. Сондай ақ жобалар негізінде этнос өкілдері көп шоғырланған Қордай, Шу, Меркі аудандарында оқыту курстары жүргізілген.