Референдум заң талаптарына сай өтуі тиіс. Саяси маңызды науқанға жауапты тұлғаларды оқыту мақсатында Таразда арнайы семинар өтті. Онда референдум процесіне қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында дәрістер оқылды. Құзырлы орган өкілдері саяси партиялар, коммерциялық емес ұйымдар және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын негізгі талаптар мен міндеттермен таныстырды.
Екі күннен соң еліміз үшін ең маңызды саяси науқан болады. Референдумды ұйымдастыру мен өткізу барысында заң талаптарының мүлтіксіз орындалуы, барлық қатысушылардың құқықтарының сақталуы аса маңызды. Семинарда референдум өткізу кезінде заң нормаларын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ референдум процесіне қатысатын ұйымдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.