Бүгін өңірлік коалициясының мүшелері этномәдени бірлестіктердің белсенді жастарымен кездесті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары түсіндіріліп, құжаттың елдің тұрақты дамуы мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызы атап өтілді.

Жиында спикерлер Жаңа Конституцияда әлеуметтік кепілдіктерді күшейту, еңбек құқықтарын қорғау және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нормалар қарастырылғанын жеткізді. Кездесу соңында жастар ұсынылған өзгерістердің ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, 15 наурызда өтетін референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға дайын екендіктерін білдірді.