Көктем келді, көкөніс бағасы қандай? Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер көкөзек шақта баға қалай құбылуда?!

"Маусымаралық кезеңде, яғни наурыз-сәуір айларында көкөніс өнімдері басқа елдерден импортталады екен. Сондықтан күздегідей молшылық, арзан бола қоймайды. Бұл қалыпты құбылыс – дейді мамандар.