Өңірде өндірілген жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 52 пайыздан астамы мал шаруашылығына тиесілі. Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде 2025 жылы салада оң динамика қалыптасты. Ет өндірісі 2,4 пайызға, сүт өндірісі 1,6 пайызға ұлғайды. Ал облыстағы жалпы мал саны 3 млн.700 мың басқа жетіп, 2,7 пайызға артты.
Құс шаруашылығы бағытында да Әулиеатаның әлеуеті артып келеді. Облыста екі ірі өндірістік құс фабрикасы ішкі нарықты қамтумен қатар, өз өнімдерін экспортқа шығарып отыр.