Халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында Меркі ауданында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда. Аудан бойынша мүгедектігі бар азаматтардың саны 2352 адам. Оларды қолдау мақсатында жылда қазынадан қажетті қаржы бөлінеді.
Мемлекет ерекше жандардың өмір сапасын жақсарту мақсатында бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыруда. Нәтижесінде, үйде білім алатын балалардың шығындарын өтеу, сондай-ақ жеке оңалту бағдарламасына сәйкес қажетті көмекші құралдармен қамтамасыз ету жұмыстары іске асырылуда.