Таразда жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған LIVE-концерт өтті. Ол Өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға 5 мыңға жуық қала тұрғындары мен жастар қатысты.
Концертте қазақстандық эстрада орындаушылары IL’HAN мен BAYANSULU жастар арасында кеңінен танымал әндерін орындады.Ерекше форматта өткен ән кеші қала тұрғындары мен жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.