Енді ауылдар өз бетінше қосымша табыс тауып, оны өз қажетіне жарата алады. Бүгін Мәслихат депутаттарының форумында Президент осылай деді. Жиында депутаттарды сайлауға, төрағаларын ротациялауға қатысты да тың ұсыныс айтылды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасының мән-мазмұны мен маңызына тоқталды. Әсіресе Қазақстан халқы биліктің бастауы және егемендіктің иесі саналатынын айрықша атап өтті. Бірқатар жаңа нормаға бөлек назар аударды.