Астанадағы №129 дауыс беру учаскесінде таңғы сағат 7:00-де Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өз таңдауын жасады. Мемлекеттік кеңесші "ел болашағына жауапкершілікпен қарау әр азамат үшін маңызды екенін" атап өтті. Референдум учаскесінде комиссия мүшелері мен бақылаушылар жұмыс істеп жатыр.