Бүгінгі референдумнан облыстық ардагерлер ұйымы да қалыс қалмады. Саяси науқанда белсенділік танытып,өз таңдауын жасады. Облыс орталығындағы референдум учаскелеріне дауыс берушілер таңғы сағат 7.00-ден келе бастады.

№53 мектеп-гимназияда орналасқан №50 референдум учаскесіне таңғы сағат 7.00 ден бастап халық келе бастады. Таң сәрімен мұнда алғаш болып өздерінің азаматтық парызы ретінде таңдау жасауға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев келді.