Тараз қаласында DiGiTAL Қазақстан BATTLE стартап-байқауының жартылай финалы өтті. Іс-шара Қазақстандағы технологиялық жобаларды қолдап, инновациялық бастамаларды дамытуға бағытталған. Байқау барысында IT-мамандар мен жас зерттеушілер өз идеяларын ұсынып, сарапшылар мен инвесторларға жобаларын таныстырды.

Қатысушылар өз әзірлеген туындыларын таныстырып қана қоймай, саланың тәжірибелі мамандарынан кәсіби кеңес алды. Сонымен қатар, жаңа іскерлік байланыстар орнатып, жобаларын әрі қарай дамытуға мүмкіндік беретін серіктестер іздеді. Мұндай алаңдар өңірдегі стартап-экожүйені нығайтып, инновациялық бастамалардың кеңінен таралуына ықпал етеді.