Саяси маңызды науқаннан – 1 млн 200 мыңнан аса адамның тұрақты мекені Жамбыл облысы да қалыс қалмасы анық. Дәстүрге сай таңғы сағат 07:00-де 513 дауыс беру учаскесі ашылып, жұмысқа кірісті. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев те халықпен бірге тіркелген учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Тараз қаласындағы №35 референдум учаскесінде таңсәріден көтеріңкі көңіл күй. Әсем ән әуелеп, күй күмбірлейді. Ал тура сағат жетіде Жамбыл мектебінде орналасқан учаскеде Әнұран орындалып өз жұмысын бастады.