Бүгін облыс тұрғындарымен бірге қала әкімі Бақытжан Орынбеков те референдумда дауыс берді.

Қаладағы №41 референдум учаскесінде 2585 адам тіркелген. Халықтың басым көпшілігі өз таңдауларын жасап үлгерген.Аталған референдум учаскесі таңертеңнен бастап белсенді тірлік пен мерекелік көңіл-күйде, тұрғындарды қарсы алып жатыр. Референдум учаскесі барлық талаптарды ескеріп, ережеге сай жұмыс істеп жатыр дейді жауаптылар.