Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы қарқынды дамып, өңір экономикасының маңызды бағытына айналып келеді. Нақтылы кезеңде өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 160 кәсіпорын тұрақты жұмыс істеп тұр. Аталған өндіріс орындарында 2,5 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Өткен жылы аймақтағы сүт өнімдерін тереңдете өңдейтін 19 кәсіпорын 115 мың тонна өнім шығарды. Аймақта өндірілген 230 мың тонна сүттің жартысына жуығы қайта өңдеуге жіберілді. Ал Әулиеатада шығарылған отандық өнім өзге өңірлерге де экспортталуда.