Тараздық кәсіпкер Францияда өткен халықаралық конкурста Жамбыл облысының атынан қатысып, ұлттық киімдерді көпшілікке паш етті. Заманауи әрі қазақи нақыштағы дүниелерді насихаттап, еңбекпен ұштастырып жүрген жан - Малика Құлахметова. Кәсіпкердің айтуынша, халықтың айырқша өнеріне деген сұраныс артып келеді.

Малика Құлахметова 8 жыл бұрын декреттік демалыс кезінде ұлттық нақыштағы киім тігуді қолға алған. Бүгінде туындылары мен дүниелеріне брендттік атау беріліп, патенттелген. Негізін қалаушы да өзі. Киімдер Тараз қаласында тігіледі. 10-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Қажетті материалдар мен шикізат көзі Түркия елінен арнайы тапсырыспен алынады.